07 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы  №226

272 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 19 желтоқсан, Алматы қаласы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 тіркелген, 2006 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, № 9-10, 219-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.»; 4-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) кредиторлар талаптарының тізілімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясымен танылған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ таратылатын банк ұсынған есептеуге сәйкес сома көлемінде өтемақы төлеу міндеттемелерін орындау бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) қатысушы банк – Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын банк;»; 31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «31) уақытша әкімшілік (уақытша әкімшілік басқарушысы) – банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру күнінен бастап уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға).»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен бастап және банкті тарату ісі аяқталғанға дейін: 1) Банктер туралы заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген салдары туындайды; 2) банктің бұрын жұмыс істеген органдарының, оның ішінде мүлікке иелік ету және банктің міндеттемелерін өтеу жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ олардың банкті басқару жөніндегі құқықтары тоқтатылады. Басшы, ал қажет болғанда өзге де қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады; 3) таратылатын банктің атынан және соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің егер оларды тарату комиссиясының төрағасы не тарату комиссиясының төрағасы осы іс-әрекеттерді жасауға сенімхат берген тұлға жасаған жағдайда ғана заң күші болады; 4) таратылатын банктің барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімі аяқталған болып саналады; 5) таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыны есептеу тоқтатылады; 6) егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, таратылатын банкке қойылатын мүліктік сипаттағы талаптармен сотта қаралған даулар тоқтатылады; 7) соттардың таратылатын банкке қойылатын мүліктік талаптарға қатысты атқару құжаттары тарату комиссиясына Банктер туралы заңда белгіленген кезектілік тәртібімен орындау үшін беріледі. Таратылатын банкке қатысты бұрын қабылданған соттардың шешімдерін орындау тоқтатылады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер ауысады. Тарату комиссиясы бір айдан аспайтын мерзімде банктің басшылығынан не уақытша әкімшіліктен (уақытша басқарушыдан) таратылатын банктің мүлкі мен құжаттарын қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды. Банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясының түпнұсқасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс. Тарату комиссиясы банктің істерін аяқтау үшін, оның ішінде оның кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.»; 11-тармақ алынып тасталсын; 12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12-1. Тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының тиімді жұмыс істеуі, сондай-ақ құқықтар мен міндеттерді белгілеу мақсатында ол тағайындалған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде тарату комиссиясы төрағасының, оның орынбасары мен тарату комиссиясы мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрық шығарады.»; 13-тармақ алынып тасталсын; 14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «14. Бөлімшені уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясы мүшелерінің арасынан тағайындайтын басшысы (бұдан әрі – бөлімшенің басшысы) басқарады.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесінің өкілеттіктері Ережеде және кредиторлар комитетімен жасалатын келісімде белгіленеді. Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімде тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесінің құқықтары және міндеттері, жұмыс тәртібі, сыйақыны төлеу мөлшері мен мерзімдері және тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің функцияларын орындауға байланысты өзге де ережелер көзделеді. Кредиторлар комитетімен жасалатын келісімге кредиторлар комитетінің атынан кредиторлар комитетінің төрағасы немесе кредиторлар комитеті осыған уәкілеттік берген адам қол қояды. Кредиторлар комитеті құрылғанға дейін және келісім жасалғанға дейін тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын: «16-1. Кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің арасында келісімді жасауға (бұзуға) тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшелерін тағайындау (босату) туралы уәкілетті органның шешімі негіз болып табылады. Уәкілетті орган тарату комиссиясының төрағасын және (немесе) мүшесін босатқан күннен бастап келісім бұзылған болып саналады. 16-2. Тартылған қызметкердің немесе тартылған тұлғаның құқықтары мен міндеттері еңбек шартында немесе өтеулі қызмет көрсету шартында, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы бекітетін әр қызметкердің лауазымдық нұсқаулығында айқындалады. Тарату комиссиясының жұмысына банктің кредиторлары және олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ бұрынғы басшы қызметкерлері тартылмайды.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады, тарату комиссиясы бөлімшелерінің және олардың басшыларының жұмысын бақылайды. Тарату комиссиясының төрағасы кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы шешімдерді және Ереженің 111-тармағына сәйкес таратылатын банктің кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қоспағанда, банкті тарату өндірісінің міндеттері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және тарату өндірісі барысында туындайтын мәселелерге байланысты басқа да құжаттарға қол қояды.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді: 1) ол тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде шағымдарды мәлімдеу тәртібін, мерзімін және кредиторлар өз талаптарын беретін мекенжайларды, филиал желісі болса – филиалдардың мекенжайларын (мекенжайлары) міндетті түрде көрсете отырып, банкті мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды; 2) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кеш емес мерзімде уәкілетті органға және (немесе) таратылатын банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар құжаттарды ұсынады; 3) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мүлікті және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі», «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі», «Мемлекетттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамдарын, кредиттік бюроларды, банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамаған банктің мүлкін иеліктен алу мәмілелерін тіркеуге, сондай-ақ кепіл ұстаушысы таратылатын банк болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді; 4) заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органдарын және мемлекеттік кірістер органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді; 5) тіркеушіден банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күніндегі жағдай бойынша банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады; 6) банктің басшылығын және (немесе) банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша басқарушысын) тарату комиссиясына банкте тарату ісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып, таныстырады; 7) қабылдау-өткізу актілерін жасай отырып, банктің басшылығынан не банктің уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушысынан) банктің мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуін, бланкілері мен құжаттарын дереу талап етеді; 8) қабылдау-өткізу актілері бойынша активтерді, оның ішінде банктің мүлкін қабылдайды; 9) банктің кассасын дереу түгендейді, Ереженің 55-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын банктің банктік шоттарына аударады; 10) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде банктің корреспондентік шоттарын салыстырып тексереді, банктің корреспондентік шоттарын жабады және таратылатын банктің теңгемен және қажетті жағдайда шетел валютасында ағымдағы шотын ашады; 11) банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны және уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындағаны туралы хабарландыруды көрінетін жерге орналастырады; 12) Банктер туралы заңның 73-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шараларды жүзеге асырады; 13) таратылатын банктің активтерін анықтайды; 14) таратылатын банктің активтерін оның таратылу мақсаттарына сәйкес басқарады; 15) таратылатын банктің атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді; 16) таратылатын банктің бағдарламалық қамтамасыз етуінің және электрондық ақпарат тасымалдағыштардың, сондай-ақ басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді; 17) толық материалдық жауап беретін адамдар, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізудің және таратылатын банктің қаржылық және басқа есептілігін өңдеудің электрондық жүйесіне кіру рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасады; 18) таратылатын банктің істері мен құжаттары заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдағаннан кейін таратылатын банктің құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындайды; 19) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысымен көзделген нысандар бойынша автоматтандырылған есептік жүйенің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер), тарату комиссиясын тағайындау күнінде қолда бар электрондық түрдегі екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есепті (индекс 700-Н) және екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық ұйымдардың баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті (индекс 700-ВН) қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмағанда, қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады; 20) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайын анықтайды және талдау есебінің деректерімен салыстырып тексереді; 21) таратылатын банктің кредиторлары талаптарының заңдылығын анықтайды және оларды таратылатын банктің бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады; 22) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды жұмысқа қабылдайды; 23) банкті таратудың барлық кезеңі ішінде таратылатын банктің мүлкі мен құжаттарын сақтау бойынша шаралар қабылдайды; 24) банкті тарату ісінің барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмейтін мерзімде жылдың қорытындысы бойынша жариялайды; 25) уәкілетті органның талабы бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтер береді; 26) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады; 27) банктің бағалы қағаздары шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады; 28) банкті тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді; 29) банкті тарату аяқталғаннан кейін Ереженің 12-тарауына сәйкес сақталуға жататын құжаттарды береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.»; 21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21-1. Таратылатын банктің алдында берешегі жоқ жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша сұратуы бойынша банктің тарату комиссиясы сұрату келіп түскен күннен бастап банктік үш күн ішінде банк банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылғаннан кейін немесе банкті мәжбүрлеп тарату барысында таратылатын банктің банк шотына келіп түскен ақшаны қайтарады. Банктің тарату комиссиясы таратылатын банктің банк шотына қателесіп түскен ақшаны қайтаруды «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.»; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы уәкілетті органға істелген жұмыс туралы есептерді және қосымша ақпаратты ұсынады. Өз қызметін банктің филиалдары мен өкілдіктерінде жүзеге асыратын бөлімшелер істелген жұмыс туралы есепті тарату комиссиясының төрағасына ұсынады.»; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Таратылатын банктің тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және тартылған қызметкерлерге төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері олардың әрқайсысына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті жылға белгіленген он еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды.»; 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «28. Тарату шығыстарының сметасында мынадай шығын баптары көзделеді: 1) еңбекке ақы төлеу шығыстары; 2) бюджетке аударымдар бойынша шығыстар; 3) әкімшілік шығыстар; 4) тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары; 5) іссапар шығыстары; 6) көзделмеген шығыстар; 7) өзге шығыстар. 29. Еңбекке ақы төлеу шығыстары мынадай шығындарды көздейді: тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне сыйақы төлеу, таратылатын банктің филиалдары мен өкілдіктерін есепке ала отырып, еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу, өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған тұлғалардың жұмысына ақы төлеу. Еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстарда: лауазымдық еңбекақы; мемлекеттік бюджетке аударылатын жеке табыс салығының; міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.»; мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын: «29-1. Тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар кредиторлар комитетінің және тарату комиссиясының арасында жасалған келісім негізінде жүргізіледі, ол бойынша жұмыстар күн сайынғы негізде орындалады және ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылады.»; 30-тармақ алынып тасталсын; 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «31. Қызметкерлердің еңбегіне, сондай-ақ орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған шығыстар бабы тарату комиссиясының төрағасы бекітетін штаттық кестеге сәйкес қалыптастырылады. Штаттық кестеге тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, еңбек шарттары және қызмет көрсету шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдар енгізіледі.»; мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын: «31-1. Қызметін және функциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тарату комиссиясы үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектісін қоспағанда, қызметтерді жеткізушіні таңдайды. Қызметтерді жеткізушіні таңдау қызмет көрсетудің практикалық тәжірибесі, өңірлерде филиалдардың, мамандардың болуы ескеріле отырып баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырылады.»; 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «33. Әкімшілік шығыстар: 1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждықтар үшін көлік жалдау жөніндегі қызметке; 2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта мен анықтамалық қызметтердің қызмет көрсетуі бойынша шығыстар, интернет желісін пайдалану үшін шығыстар); 3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепіл мүлкін) күзету және сигнализация жөніндегі қызметке; 4) көлікті күзету жөніндегі қызметке; 5) көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызметке; 6) көлікті тіркеу жөніндегі қызметке; 7) көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметке; 8) көлікті сақтандыру жөніндегі қызметке; 9) қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге; 10) коммуналдық қызметке; 11) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (байқау) жөніндегі жұмыстарға; 12) үй-жайды жалдауға; 13) жылжымайтын мүлік пен тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу жөніндегі қызметке; 14) мүлікті бағалау жөніндегі қызметке; 15) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметке; 16) жылыту жүйесін іске қосуға дайындау жөніндегі қызметке; 17) сантехникалық жұмыстарға; 18) мүлікті сақтау жөніндегі қызметке; 19) мемлекеттік бажды төлеуге; 20) нотариалды куәландыру жөніндегі қызметке; 21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызметке; 22) терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға; 23) аукциондар өткізу жөніндегі қызметке; 24) инкассация қызметіне; 25) сараптама жүргізу жөніндегі қызметке; 26) аудит жүргізу жөніндегі қызметке; 27) құжаттарды аудару қызметіне; 28) телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнатуға; 29) акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін тіркеушінің қызметіне; 30) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері жөніндегі қызметке; 31) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру жөніндегі қызметке; 32) таратуды тіркегені үшін алым төлеуге; 33) коллекторлық қызметке арналған шығындарды қамтиды. Жұмысқа және қызмет көрсетуге ақы төлеу тұрақты және біржолғы сипатта болады.»; 36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Іссапарға жіберілген қызметкерге тәуліктік ақы 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында – айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жерге және кері қарай тұрақты жұмыс орнына көлік шығыстары өтеледі.»; 36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36-1. Өзге шығыстар өзге шығындарды қамтиды. «Көзделмеген шығыстар», «Өзге шығыстар» шығындар баптары бойынша шығыстардың басқа бабы бойынша артық шығынға байланысты шығыстар, сондай-ақ келісілуі не бекітілуі Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мұқтаждықтарға арналған шығыстар жүзеге асырылмайды.»; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «44. Таратылатын банктің нақты қаржылық жай-күйіне қарай және тарату комиссиясы орындаған жұмысты ескере отырып, тарату комиссиясының төрағасы бекітілген тарату шығыстарының сметасына міндетті тәртіппен кредиторлар комитеті алдын-ала бекітетін өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.»; 67-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) ведомосте нақты төленген соманы көрсетеді.»; 69-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Есепті түрде алынған және пайдаланылмаған ақша сыйақыдан (жалақыдан) ұсталмайды.»; 72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «72. Кассир жұмыс күнінің соңында кассалық кіріс және шығыс ордерлері негізінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына сәйкес бір күндегі кассалық айналымдар және құндылықтар қалдықтары туралы жиынтық анықтама жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырып тексереді. Салыстырып тексеру тарату комиссиясының кассирі мен бас бухгалтерінің қолымен расталады. 73. Тарату комиссиясы қолма-қол ақшаның қозғалысын және нысаналы пайдаланылуын есепке алу үшін ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша нөмірленетін, жіппен байланатын және мөрмен бекітілетін кассир қабылдаған және берген ақшаны есепке алу кітабын жүргізеді. Касса кітабындағы парақтар саны тарату комиссия төрағасының (бөлімше басшысының) және бас бухгалтерінің қолымен расталады.»; 80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «80. Ревизия ақша мен құндылықтардың ұрлануын жасыру, кем шығу ықтималдығын болдырмайтын жүйелілікпен барлық құндылықтардың болуын тексерумен жүргізіледі. Кассада құндылықтардың кем шығуы немесе артық шығуы анықталған жағдайда актіде кем шығу немесе артық шығу сомасы және олардың туындау жағдайлары көрсетіледі.»; 82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «82. Тарату комиссиясы тағайындалған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде тарату комиссиясы уәкілеттік берген таратылатын банк қызметкерлерінің қатысуымен таратылатын банктің мүліктерін (активтерін), кредиттік және басқа да шарттарын түгендеуді, сондай-ақ жеке шоттарды баланстық шоттармен, баланстық шоттардағы және меморандум шоттарындағы қалдықтарды салыстырып тексеруді жүргізеді. Түгендеу нәтижелері бойынша акті жасалады. Соңынан бухгалтерлік есеп деректерінің дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы жылына кемінде бір рет, сондай-ақ мынадай жағдайларда: материалды жауапты және лауазымды тұлғалар, оның ішінде тарату комиссиясының төрағасы және (немесе) бухгалтерлік қызмет басшысы ауысқан жағдайда; ұрлану немесе теріс пайдаланушылық, сондай-ақ мүліктің бүліну фактілері анықталған жағдайда; табиғи апат, өрт, апаттар немесе қысылтаяң жағдайлардан туындаған басқа да төтенше жағдайлар жағдайында міндетті тәртіппен түгендеу жүргізеді.»; 85 және 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «85. Тарату комиссиясы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып, таратылатын банктің мүлкін бағалауды жүргізеді. Тарату комиссиясы бірмезгілде бүкіл мүлікті не мүліктің бөлігін бағалауды жүргізеді. Баланстық құнына қарамастан жылжымайтын мүлікті, бірлігі үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен артық баланстық құны бар жылжымалы мүлікті бағалау үшін бағалаушыны таңдау конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша ең тиімді талаптар (көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу мөлшері, бағалауды жүргізу мерзімі, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де талаптар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурсты өткізу талаптарын банктің тарату комиссиясының төрағасы анықтайды және олар аумағында банктің бағалануға жататын мүлкі орналасқан Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, облыста немесе республикалық маңызы бар қалада таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Тарату комиссиясы 50 (елуден) 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжымалы мүліктің бір бірлігін бағалау үшін бағалаушыны таңдауды баға ұсыныстарын сұрату жолымен жүзеге асырады. Баланстық құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аз жылжымалы мүлікті бағалау жүргізілмейді. Бағалау жүргізу конкурсына бір-біріне қатысты үлестес бағалаушылар қатыстырылмайды. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар үлестес бағалаушылар болып табылады. 86. Таратылатын банктің алдындағы берешегін өтеу есебіне, оның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті беру кредиторлар комитетімен келісу бойынша бағалау туралы есеп болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.»; 88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «88. Конкурстық тарату массасын қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, есепке алу және сақтау үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлiк инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа кастодиан-банкке аударылады.»; 90, 91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «90. Тарату комиссиясы берілген қарыздар бойынша кредиттік шарттарды өтеу нақтылығы мен перспективалары, борышкерлердің мүліктік жағдайы мәніне талдау жасайды және кредиттік топтаманы қалыптастырады. Тарату комиссиясы кредиттік топтама талаптарын иеліктен алу немесе басқаға беру туралы мәселелерді кредиторлар комитетінің қарауына шығарады. 91. Кепілдік беру ұйымын қоспағанда, заңды тұлғалар, банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылдануы нәтижесінде мүліктік құқықтары мен заңды мүдделері бұзылатын, заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар банкпен дауды тікелей реттеу мақсатында жазбаша өтінішпен оның тарату комиссиясына хабарласады. Кредиторлар - жеке тұлғалар растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен тарату комиссиясына өтініш жасайды. 92. Кредиторлардың талаптарында талап етудің негіздемесі мен мөлшерін растайтын құжаттар қоса беріле отырып, негізгі борыш, сыйақы, тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкцияларының, шығындардың мөлшері туралы жеке-жеке мәліметтер қамтылады (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар).»; 98 және 99-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «98. Өтініштер беру мерзімі баспасөзде банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі және 2 (екі) айдан кем болмайды. 99. Өтініштер беру мерзімі өткен, сондай-ақ барлық берілген өтініштер қаралған соң бір айлық мерзімде тарату комиссиясы жүргізілген активтер мен міндеттемелерді түгендеудің нәтижелерін ескере отырып, таратылатын банк мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген шағымдар мен өтініштердің тізбесі, оларды қарау нәтижелері және банктің кредиторлары талап етпеген берешек, кредиторлар талаптарының тізілімі туралы мәліметтер қамтылатын аралық тарату балансын жасайды.»; 101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «101. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасайды.»; 102-тармақ алынып тасталсын; 103-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «103. Банктің тарату комиссиясы кредиторлар талаптарының тізілімін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында жасайды және ол Банктер туралы заңның 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес келеді.»; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша атқарушы құжаттар тарату комиссиясының төрағасына кредиторлардың талаптарын есепке алу үшін беріледі.»; мынадай мазмұндағы 103-1-тармақпен толықтырылсын: «103-1. Тарату комиссиясы аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін жасағаннан кейін оларды уәкілетті органға бекітуге ұсынады. Уәкілетті орган аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін оларды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бекітеді. Аралық тарату балансы және банк кредиторлары талаптарының тізілімі бекітілгеннен кейін құжаттардың бір данасы тарату комиссиясына қайтарылуға жатады, ал екінші данасы уәкілетті органда қалады. Аралық тарату балансының деректері ұсынылған құжаттар мен ақпараттың деректеріне сәйкес келмеген жағдайларда, сондай-ақ растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда аралық тарату балансы уәкілетті органмен бекітілуге жатпайды. Аралық тарату балансы және кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілмеген жағдайда, уәкілетті орган анықталған бұзушылықтардың, кемшіліктердің себептері мен оларды жою және аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту үшін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімін көрсете отырып, бұл туралы тарату комиссиясын жазбаша хабардар етеді. Аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органға қайталап ұсыну мерзімі тарату комиссиясы аралық тарату балансы мен кредиторлар талаптары тізілімінің бекітілмегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 1 (бір) айдан аспайды.»; 107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «107. Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген ең көп талаптар сомасы бар кредитор, Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген кредиторлардың әр санатынан бір өкілден, сондай-ақ төртінші кезектегі кредиторлар – таратылатын банкке депозиттер бойынша талаптары бар жеке тұлғалар (бұдан әрі – жеке тұлғалар - салымшылар) санатынан көп дегенде екі өкіл кіреді. Тарату комиссиясы мұндай кредиторларға осы кредиторларды тарату өндірісіне қатысу үшін кредиторлар комитетінің құрамына кіру туралы ұсыныстар жібереді. Кредитордың жазбаша келісімі болған жағдайда ол кредиторлар комитетінің құрамына енгізіледі. Кредиторлар комитетінің құрамына таратылатын банктің басшы қызметкерлері, сондай-ақ бұдан бұрын оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу, тарату рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жүктелген міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау, жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым көрсететін не басқаларға артықшылық беретін іс-әрекет жасау фактісінің (фактілерінің) болуы анықталған банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған кредиторлар мен олардың өкілдері енгізілмейді.»; 107-1-тармақ алынып тасталсын; 108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «108. Кредиторлар комитетіне енгізілген кредиторлар саны кем дегенде үш адам болады. Кредитор кредиторлар комитетінің жұмысына қатысудан бас тартқан жағдайда, тарату комиссиясы таратылып отырған банкте ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.»; мынадай мазмұндағы 108-1, 108-2 және 108-3-тармақтармен толықтырылсын: «108-1. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің мүшесін кредиторлар комитетінің құрамынан мынадай негіздер бойынша шығарады: 1) кредиторлар комитеті мүшесінің дәлелді себептерсіз қатарынан екі реттен көп рет кредиторлар комитетінің отырыстарына қатыспауы; 2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар комитеті мүшесінің талаптарын толығымен қанағаттандыру; 3) кредиторлар комитеті мүшесінің кредиторлар комитетінің құрамына қатысудан бас тартуы; 4) кредитордың кредиторлар комитетінің құрамында болуына кедергі болатын өзге де жағдайлар (заңды күшіне енген сот актілері, заңды тұлға - кредитордың таратылуы не жеке тұлға - кредитордың қайтыс болуы және басқалар). 108-2. Уәкілетті орган кредиторлар комитетінің құрамын мынадай негіздер бойынша қайта бекітуге тиіс: 1) кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін шешімдерді қабылдауы; 2) кредиторлар комитетінің отырысына мәселені екі реттен көп рет шығару кезінде кредиторлар комитетінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қабылдамауы; 3) кредиторлар комитетінің кредиторлар - жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзатын шешімдерді қабылдауы. Кредиторлар комитетінің құрамын қайта бекіту туралы шешім тарату комиссиясына және кредиторлар комитетіне жіберіледі. 108-3. Ереженің 108-1 және 108-2-тармақтарында көзделген жағдайларда тарату комиссиясы кейіннен кредиторлар комитетінің тізімін бекітуге уәкілетті органға ұсынумен кредиторлар комитетінің құрамын өзгерту бойынша жұмыс жүргізеді. Тарату комиссиясы таратылып отырған банкке ең жоғары талап ету сомасы бар кейінгі кредиторға ұсыныс жібереді.»; 109-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «109. Тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысын өткізу күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлар комитеті отырысының күн тәртібін бере отырып, уәкілетті органды және кредиторлар комитетінің барлық мүшелерін кредиторлар комитетінің бірінші отырысының өткізілу орны мен күні туралы жазбаша хабардар етеді.»; 111 және 111-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «111. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді: 1) банкті тарату процесінде құралатын барлық құжаттармен танысу; 2) Ереженің 16-тармағына сәйкес тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен келісім жасау; 3) уәкілетті органды банкті тарату барысында кредиторлардың құқықтарын, мүдделерін және